«Барыс» ҚХЛ-дың тұрақты маусымының чемпионын жеңді

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанның «Барыс» хоккей командасы Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымы аясында питерлік СКА-ны жеңді.

«Барыс» ҚХЛ-дың тұрақты маусымының чемпионын жеңді

Vesti.kz хабарлағандай, матч «Барыс» хоккейшілері үшін сәтсіз басталды. Төртінші минутта-ақ есеп СКА-ның пайдасына 2:0 болды.

Екінші кезеңде Владимир Крикунов жаттықтыратын команда он минуттың ішінде қатарынан үш шайба салды. Олардың авторлары: Дастин Бойд, Найджел Доус және Константин Пушкарев. Бірақ, үзіліске дейін есеп қайта теңесі. Үзіліске үш минут қалғанда Патрик Торесен Виталий Еремеевтің қақпасынан саңылау тапты.

Соңғы жиырма минуттың басында Дмитрий Уппер «Барысты» қайта алға шығарды. 54-інші минутта Максим Спиридонов Михаил Рахмановтың пасымен алшақтықты ұлғайтты, бірақ бір минуттан кейін Мортенсон матчқа шиеленісті қайта оралтты. Не дегенмен, соңғы ауыр минуттарға қарамастан, қазақстандықтар жеңісті қолдан бермеді, есеп 5:4.

Жеңіл атлет Иван Иванов Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Ұқсас жаңалықтар

Жеңіл атлет Иван Иванов Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды