«Барыс» ҚХЛ-дың жаңа маусымына капитанды таңдады

АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астаналық "Барыс" хоккей клубының шабуылшысы Дмитрий Уппер ҚХЛ-даың жаңа маусымында команда капитаны болмақ, деп хабарланды команданың ресми сайтында.

«Барыс» ҚХЛ-дың жаңа маусымына капитанды таңдады

Клубтың вице-капитандары ретінде қорғаушы Евгений Блохин және шабуылшы Брэндон Боченски тағайындалды, деп ақпараттандырады Vesti.kz.

КХЛ-дің жаңа кезеңіндегі алғашқы жарысын "Барыс" Череповецтің "Северстали" командасына қарсы 8 қыркүйекте өз алаңында өткізеді.

Атап айтайық, бұрын КХЛ 2013/14 кезеңіне команда бюджетін жариялаған еді. "Барыс" 16 853 923 доллар жалақылық бюджетімен лиганың барлық командалары арасында 13 орында.