«Барыс» ҚХЛ матчында «Йокериттен» жеңілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» өз алаңында өткен Құрлықтық хоккей лигасының матчында финдік «Йокеритке» 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

«Барыс» ҚХЛ матчында «Йокериттен» жеңілді

Sports.kz -тің жазуынша, «Барыс» ҚХЛ чемпионатында 14-інші орында қалды. Эдуард Занковецтің командасында 81 ұпай бар. Бір балға бейжіңдік «Куньлун РС» пен Сочи хоккей клубы және братиславиялық «Слован», екі ұпайға Владивостоктің «Адмиралы» қалып отыр.

3 ақпан күні сағат 19.30-да «Барыс» Минискінің «Динамосын» қабылдайды.