«Барыс» клубы «Сочиден» ұтылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасының матчында өз алаңында «Сочиді» қабылдаған елорданың «Барыс» клубы - 4:0 есебімен ұтылды, деп хабарлайды Sports.kz.
«Барыс» - «Сочи» 0:4 (0:1, 0:1, 0:2)
Шайбалар:
0:1 - 18:25 Захарчук. Тең құрамда
0:2 - 32:41 Пепеляев (Костицын, Игнатушкин). Тең құрамда
0:3 - 46:36 Костицын (Крикунов, Пепеляев). Басым құрамда
0:4 - 55:48 Александров. Қақпа бос, аз құрамда
Осылайша, «Сочи» бір ұпайы басымдығымен қазақстандық клубты біріншіліктің 15-ші орнына сырғытты.
8 қаңтарда астаналық клуб ресейлік Нижегородсктың «Торпедосын» қабылдайды.