«Барыс» командасымен ойын кезінде бойжеткен «Трактор» жанкүйерлерін пышақтап өлтірді

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Челябі қаласында жас қыз «Трактор» хоккей клубының жанкүйерлеріне пышақ салып өлтірді, деп жазады «Советский Спорт».

«Барыс» командасымен ойын кезінде бойжеткен «Трактор» жанкүйерлерін пышақтап өлтірді

Белгілі болғандай, бұл оқиға үш жанкүйер «Трактор» командасы мен «Барыс» хоккейшілерінің матчын теледидар арқылы тамашалап отырған кезде болған. Яғни, жанкүйерлердің қатты шулағаны 23 жасар қыздың ашу-ызасын келтірген. Бұдан кейін бойжеткен кенеттен оларға пышақ жарақаттарын салған. Осының салдарынан қыздың өгей әкесі мен өгей әкесінің ағасы мерт болды. Ал, аталған ағайындылардың жараланған танысы пәтерден шығып үлгереді. Ауруханада оған тиісті көмек көрсетілді.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.