«Барыс» командасының Астанадағы ойындарына билеттер сатыла бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең «Барыс» хоккей клубы өзінің ҚХЛ-дың 2014/2015 маусымындағы алғашқы ойындарына билеттер сата бастайды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
None
None

«29 тамыздан бастап «Барыс» командасы ҚХЛ-дың 7-маусымындағы өз алаңында өтетін алғашқы ойындарына билеттерді сатылымға шығарады», - делінген хабарламада.

Елордалық командаға мына клубтар қарсылас атанбақ:

4 қыркүйек - «Салават Юлаев»

6 қыркүйек - «Амур»

8 қыркүйек - «Адмирал»

10 қыркүйек - «Витязь»

Билеттердің құны 1000 және 1500 теңге аралығында. Сонымен қатар интернет арқылы билеттерді сатып алуға болады.

Соңғы жаңалықтар