«Барыс» «ҚР Президенті Кубогы» турнирін жеңіспен бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін шайбалы хоккейден V халықаралық турнирде сынға түсіп жатқан елордалық «Барыс» алғашқы кездесуін сәтті өткізіп, нижнекамскілік «Нефтехимикті» 3:2 есебімен ұтып кетті.
Айта кетейік, бүгін Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында айтулы доданың салтанатты түрде ашылуы болып өткен.
Турнирдің алғашқы кездесуі Ресейден келген қос мықты - омбылық «Авангард» пен новокузнецкілік «Металлург» командалары арасында өтіп, нәтижесінде «кеншілер» тас-талқан болып жеңілген еді - 5:2.
Ертең бүгінгі қос жеңіпмаз «Барыс» пен «Авангард» бақ сынасады. Сәйкесінше, «Металлург» пен «Нефтехимик» тәжікелеседі.