«Барыс» Мәскеуде жергілікті «Спартак» хоккей клубын 4:2 есебімен ұтты

Ойында алғашқы болып қазақстандық клубтың сапынан қорғаушы Юнас Юнланд есеп ашты. Бірінші айналымның соңында «Барыс» хоккейшілері 0:2 есебімен алға шықты, шайбаны қарсыластар қақпасына Вадим Краснослободцев тоғытты. Матчтың 29-минутында астаналық шабуылшы Лукаш Кашпар мәскеуліктер қақпасына 3-шайбаны салып, есептегі басымдықтарын тағы бір еселетті.
Үшінші таймның орта тұсында «Спартак» ойыны біршама жандана түсіп, бір минуттың ішінде астаналықтардың қақпасына (46 және 47 минуттарда) қатарынан екі гол салынады, есеп - 2:3. Кездесу аяқталуға жақын қалғанда қарсыластар мұз айдынға қақпашының орнына алтыншы ойыншыны шығарады. Бұл сәтті Лукаш Кашпар пайдаланып, қараусыз қалған қақпаға кезекті жеңіс шайбасын салды. Таблодағы қорытынды есеп - 2:4.
Матч Мәскеу қаласында, 26 қараша күні кешке «Сокольники» спорт сарайында өтті.