«Барыс» Майк Ландиннiң келiсiмшартын ұзартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» хоккей клубы америкалық қорғаушы Майк Ландиннiң келiсiмшарт мерзiмiн ұзартты, деп хабарлайды Құрлықтық хоккей лигасының ресми сайты.
29 жасар хоккейшi екi жылдық келiсiмге қол қойды. Майк Ландин қазақстандық командада 63 матч өткiзiп, 28 ұпай жинады. Оның пайда көрсеткiшi «+8».
Бұның алдында клуб басшылығы Дмитрий Уппер мен Виталий Еремеевтiң келiсiмшарттарын ұзартқан болатын.
Айта кету керек, қазіргі уақытта Қазақстан хоккей құрамасының ойыншысы Кевин Даллманмен келісімшарт жасау жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Ол бұдан бұрын 2008-2012 жылдар аралығында «Барыс» сапында өнер көрсеттi.