«Барыс» «Металлург» хоккей матчы жанкүйерсіз өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Барыс» (Нұр-Сұлтан) пен «Металлург» командалары арасында Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатының аясындағы жарыс бүгін жанкүйерсіз өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Барыс» хоккей клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Барыс» хоккей клубының баспасөз хатшысы Денис Симинченко бүгін ҚХЛ аясында «Барыс» пен «Металлург» арасында саға 17-30-да Нұр-Сұлтанда басталатын матч жанкүйерсіз өтетінін мәлім етті.
Осыған дейін Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды.
Билеттерді қайтару тәртібі клубтың ресми сайттарында жарияланады.