«Барыс» ойыншысы ҚХЛ-дың үздік форварды атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионаттың  қыркүйек айындағы үздік голкиперін, қорғаушысын және шабуылшысын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚХЛ сайтына сілтеме жасап.
None
None

Айдың ең үздік голкипері нижнийновгородтық «Торпедо» командасының мүшесі Станислав Галимов болды.

Аптаның үздік қорғаушысы Санкт-Петербургтің СКА командасының өкілі Патрик Херсли атанды.

Ал үздік форвард атағы астаналық «Барыс» клубының шабуылшысы Найджел Доусқа бұйырды. Ол чемпионаттың 15 матчында 15 рет шайба соғып, нәтижеге алып келген бес пас берген.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум