«Барыс» өз алаңында ригалық «Динамоны» тізе бүктірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» xоккейшілері Құрлықтық xоккей лигасында ригалық «Динамоны» жеңді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Астанада өткен ойын 1:0 есебімен аяқталды.
Жалғыз голды «Барыс» кездесудің 13-минутында салды. Гол авторы - Кевин Даллмэн.
Ойынның 21-минутында Брэндон Боченски қарсыластар қақпасына тағы бір шайба енгізген болатын, алайда ереже бұзылғандықтан, гол саналған жоқ.
«Барыс» үшін бұл маусымдағы 30-шы жеңіс. ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында 87 ұпай жинаған астаналықтар бесінші орында келе жатыр.