«Барыс» пен «Ақ Барстың» арасындағы тартысты кездесу қазандықтардың жеңісімен аяқталды
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - «Барыс» пен «Ақбарыстың» арасындағы тартысты кездесу қазандықтардың жеңісімен аяқталды.
Ойынның басталуынан-ақ, астаналық мұз айдын иелері үшін бүгінгі тартыстың оңайға түспейтіні бірден байқалды.
"Ақ Барстың" қақпасын алғашқы шабуыл өз нәтижесін берді. Гол иесі - Брэндон Боченски. Есепті қонақтар тек ойынның 35-ші минутында ғана теңестіре алды. Ең тартысты да қызықты сәттер ойынның үшінші кезеңінде болды. 46-шы минутте Роман Савченко "Барысты" алға шығарды. Енді қазақстандық хоккейшілерді жеңісімен құттықтайтын сәт тууға жақындаған кезде Татарстан хоккейшілері қақпашыны алаңдағы ойыншымен ауыстырып, ойынды теңестіріп кетті - 2:2. Овертайм ойынның есебіне өзгеріс енгізген жоқ. Ал буллиттер сериясында қазандықтар мергендік танытып жеңіске жетті.