«Барыс» плей-оффтың екiншi кезеңiн жеңiлiстен бастады
Бiрiншi айналымды қазақстандық команда өте қарқынды бастады. Соның арқасында қарсыластардың қақпасына жылдам шайба енгiзiп, ойында алға шықты. Гол авторы - Майк Ландин. Дегенмен екiншi жиырмаминуттықта "Салават Юлаев" клубы есептi теңестiрiп, командалар үзiлiске 1:1 есебiмен аттанды.
Үшiншi айналымды уфалықтар белсендi көрiндi. Бастапқы кезде-ақ олар "Барыс" қақпасына гол салып, есептi 1:2 жеткiзген болатын. Алайда шабуылды үдете түскен астаналықтар ойынның аяқталуына шамамен үш минут қалғанда Антроповтың көмегiмен есептi теңестiрдi. Овертаймда "Барыс" хоккейшiлерi басымдықты қарсыласқа берiп қойды, қосымша уақыттың 2:17 минутында Никита Филатов "Салават Юлаевты" алға шығарды. Айта кетейiк, плей-оффтың келесi кезеңiне шығу үшiн командалардың бiрi төрт кездесудi жеңуi тиiс. Ертең "Барыс" пен "Салават Юлаев" Астанада екiншi ойын өткiзедi. Содан соң екi матч Уфада болады.