«Барыс» «Салауат Юлаевтан» матчтың соңғы секундтарында жеңісті жұлып алды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» хоккей клубы 2014/2015 ҚХЛ маусымындағы алғашқы матчында өз алаңында Уфаның «Салауат Юлаев» командасын 5:4 есебімен ұтты.

«Барыс» «Салауат Юлаевтан» матчтың соңғы секундтарында жеңісті жұлып алды (ФОТО)

Астанада ҚХЛ жаңа маусымының ашылуы ҚР Мемлекеттік хатшысы, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарушы, Қазақстанның Футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбековтің және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті, Қазақстанның Хоккей федерациясының президенті Асқар Маминнің қатысуымен өтті.

Матч екі команданың да шабуылымен басталды. Ойынның алғашқы сәтінде қонақтар буллитті іске асыру құқығына ие болды, алайда «Барыстың» голкипері Ян Лацо шайбаны қайтара білді.

Бұдан кейін алаң қожайындары бірнеше қауіпті комбинацияларды жүргізді. Соның нәтижесінде 4-минутта «Салауат Юлаевтың»» қақпасына алғашқы шайба салынды. «Барыстың» алғашқы шайбасының авторы - Найджел Доус болды. Жанкүйерлер бұл жеңіспен бір-бірін құттықтап жатқан кезде Дастин Бойд елордалық команданың табысын екі еселеді.

Дегенмен «Салауат Юлаевтың» хоккейшілері екінші жиырмасыншы минутта төрт ұпаймен алға шықты.

Үшінші кезеңнің басында Андрей Назаровтың хоккейшілері жағдайды түзетіп, қарымта қайтарды. Ал ойынның аяқталуына екі секунд қалғанда Найджел Доус қонақтардың қақпасына жеңісті шайбаны түсірді.

Сөйтіп, «Барыс» ҚХЛ жаңа маусымын тамаша жеңіспен сәтті бастады.