«Барыс» шабуылшысы ҚХЛ мергендер көшін бастады - ВИДЕО
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыстың» хоккейшісі Брэндон Боченски «Амурмен» өткен кездесуде қарсыластар қақпасына екі шайба салып, өзінің осы маусымда соққан шайбалар есебін 23-ке жеткізді. Сөйтіп ол сұрмергендер сайысында магнитогорскілік «Металлургтың» шабуылшысы Данис Зариповты артқа тастады, деп хабарлайды sports.kz.
31 жастағы американдық Құрлықтық хоккей лигасында төрт маусым бойы 20 шайбалық межеден асып келеді. Естеріңізге сала кетейік, 2011/2012 жылғы маусымда Боченски 27 гол соғып, лиганың басты сұрмергені атанған болатын.
Аталмыш кездесуде астаналық «Барыс» «Амурды» 8:2 есебімен ойсырата ұтты.