«Барыс» шабуылшысы Линден Вей Қазақстан азаматтығын алуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыстың» шабуылшысы Линден Вей «Р-Спорт» агенттігіне Қазақстан азаматтығын алу және осы елдің ұлттық командасы атынан шығу жөніндегі мәселелер осы маусымның аяғына дейін шешілетіндігін мәлімдеді. Бұл жайлы Sports.kz хабарлайды.

«Барыс» шабуылшысы Линден Вей Қазақстан азаматтығын алуы мүмкін

Канадалық Вей шілде айында «Барыспен» бір маусымға келісім жасасты. Клуб құрамында азаматтық құқық берілген канадалық ойыншылар Найджел Доус, Кевин Даллмэн және Мартен Сен-Пьер де бар.

Вей 8 матчта 13 ұпай жинады (2 гол және 11 нәтижелі беру), ол ҚХЛ-ы маусымының үздік шабуылшылары тізімінде екінші орынға және үздік пс беруші тізімінде бірінші орынға ие.

«Бұл менің «Барыстағы» алғашқы маусымым. Асығудың қажеті жоқ, күте тұру керек. Оның үстіне мұндай шешімді (Қазақстан құрамасы атынан шығу) мен ғана емес, федерция да қабылдайды. Мұның керемет болатынын білемін, алайда, шешімнің маусым соңына қарай қабылданғаны дұрыс. Алдымен менің бірінші жылым қалай өтетінін көру керек», - дейді Вей.

2018 жылғы Олимпиада ақпан айында оңтүстіккорейлік Пхенчханда ҰХЛ-ының қатысуынсыз өтеді.

«Олимпиадада Канада құрамасының атынан ойнауға менің қандай мүмкіндіктерім бар екенін білмеймін. Мені тамыз айындағы турнирге ұлттық команда құрамына шақырды, бірақ мен бас тарттым, өйткені, ойындарды жіберіп алмас үшін «Барыста» тұрақтап қалуды шештім», - деді Вей.