«Барыс» Швейцарияда «Давоспен» екі кездесу өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХЛ-да өнер көрсететін қазақстандық «Барыс» хоккей клубы Швейцарияда жаттығу жиындары кезінде «Давоспен» екі мәрте кездесу өткізеді. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланды.

«Барыс» Швейцарияда «Давоспен» екі кездесу өткізеді

«Оқу-жаттығу жиындары барысында Швейцарияда «Барыс» хоккей клубы Шпенглер Кубогінің 15 дүркін жеңмпазы «Давос» командасымен екі жолдастық кездесу өткізеді», - делінген хабарламада.

Матчтар 31 шілде мен 3 тамызда Давос пен Сурси қалаларында өтпек.