«Барыс» швейцариялық «Амбри-Пиотта» командасынан жеңіліп қалды

АСТАНА.    Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат -  Қазақстандық  «Барыс»  хоккей командасы   швейцариялық  «Амбри-Пиотта» командасымен болған  жолдастық кездесуде    жеңіліп  қалды, 

«Барыс»   швейцариялық  «Амбри-Пиотта» командасынан жеңіліп қалды

деп   хабарлайды  ҚазАқпарат  «Барыс»    хоккей клубының  фан-сайтына сілтеме  жасап.

Швейцариялық «Амбри-Пиотта» командасы  біздің «Барысты»  3:2 есебімен (1:0, 2:2, 0:0)  жеңді.    «Барыстың» ішінде  Штумпел мен Жайлауов  көзге түсті.

Естеріңізге  сала  кетейік,  «Барыс» Швейцарияда  өткен   жолдастық  кездесулер  аясында  үш ойында қатарынан жеңген болатын.  Бірақ «Амбри-Пиотта»    елордалық         барыстардың  жеңіс  шеруіне кедергі бола алды.