«Барыс» Шығыс конференциясында жетінші орынға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатының матчында «Трактор» сырт айдында «Витязь» командасын жеңді. Бұл астаналық «Барыс» клубының турнирдегі орнына әсер етті, деп хабарлайды Sports.kz.

«Барыс»  Шығыс конференциясында жетінші орынға түсті

Матч 2:1 есебімен «Трактордың» жеңісімен аяқталды. Челябі командасының құрамында Александр Рыбаков (13-минут) пен Рихард Гюнге (52-ші) қарсыластар қақпасына шайба соқса алаң иелерінен Максим Афиногенов (49-шы минут) көзге түсті.

Челябі командасының жеңісі «Барыстың» турнирдегі орнына әсер етіп, ол 63 ұпаймен жетінші орынға түссе, «Трактор» 65 ұпай алып, алтыншы позицияға жайғасты.