«Барыс» «Сібір» командасын жеңіп ҚХЛ-ның плей-офф кезеңіне шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» Құрлықаралық хоккей лигасында өз алаңындағы овертаймда Новосибирьдің «Сібір» командасын 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Барыс» «Сібір» командасын жеңіп ҚХЛ-ның плей-офф кезеңіне шықты

Енді қазақстандық хоккейшілердің үлесінде 58 матч бойынша 89 ұпай бар. Бұл нәтиже клубқа турнирдің плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік береді. Челябінің «Тракторында» осынша ойын бар, алайда олар 4 ұпай алда келеді.

16 ақпан күні сағат 19-30-да астаналық клуб Новокузнецкісінің «Металлург» командасымен кездеседі.