«Барыс» сырт алаңда «Ақ Барыстан» басым түсті

АЛМАТЫ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналық «Барыс» сырт алаңда қазандық «Ақ Барысты» 5:2 есебімен ойсырата ұтты.

«Барыс» сырт алаңда «Ақ Барыстан» басым түсті

Ойынның небәрі 32-інші секундында «Барыстықтар» сапынан Кашпар есеп ашты. Ал 10-ыншы минутта Боченски есепті еселеді. Қарсыластар ішінде Никулин 13-інші минутта алғашқы шайбаларын соқса, араға 15 минут салып елордалықтар үшінші шайбасын тоғытты. Қарсыласымыз Хосса Морозовтың көмегімен 2-нші шайбаларын соққанмен, Гаврилин мен Жайлауов жұбының керемет пасын пайдаланған Краснослободцев 4-інші шайбаның иесі атанды. Кездесуді Кашпар 59-ыншы минутта өзінің үшінші шайбасын соғумен аяқтады.

Тартысты ойын Қазан қаласындағы «Татнефть-Арена» мұзды алаңында өтті.