«Барыс» сырт алаңда минскілік «Динамодан» ұтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық "Барыс" Құрлықтық xоккей лигасы аясындағы матчта Минскінің "Динамо" xоккей клубынан жеңілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Барыс» сырт алаңда минскілік «Динамодан» ұтылды

Минскіде өткен кездесуде алаң иелері жеңіске жетті. Беларусьтың сапынан Александр Павлович (10-минут) пен Никита Мицкевич (34-минут) гол салса, "Барыс" командасының жалғыз шайба авторы - Брэндон Боченски.

Айта кетейік, бұның алдында "Барыс" xоккейшілері төрт матч қатарынан жеңіске жеткен болатын. Қазақстандық клуб Шығыс конференцияда 81 ұпаймен 5-орында тұр.

Минск "Динамосы" қатарынан үш жеңістен соң Батыс конференцияда 90 ұпаймен 6-орында келеді.