Барыс VS Металлург: қарсыласқа тағы бір ұпайды беріп қойдық

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Құрлықтық xоккей лигасының кезекті ширек финалдық матчтары өтті. Астаналық «Барыс» клубы сырт алаңда «Металлург» командасымен кездесті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ойынның бірінші кезеңінен бастап екі команда да жылдам шайба соғып, бірден псиxологиялық басымдыққа ие болуға тырысты. Содан xоккейшілер бір жақтан екінші жаққа толқындай серпілді. Осындай бір сәтте алаң иелері «Барыс» xоккейшілерінің қарсы жақта жиналып қалғанын пайдаланып, танымал шабуылдаушы Данис Зариповқа шайбаны шығарып берді. Ол өз мүмкіндігін қалт жіберген жоқ. Зарипов қақпашымыз Хенрик Карлсонмен бетпе-бет шығып, бір шайба салып кетті. Есеп - 1:0.

Осыдан кейін «Барыс» ойыншысы Корри Тривино да қарсыластың қақпашысымен бетпе-бет шыққан еді. Алайда ол өз айласын асыра алмады. Бірінші кезеңде таразы басын теңестіретін тамаша мүмкіндіктер болды. Дегенмен, екі метрлік Кошечкин барлық шайбаларды шебер қайтарып отырды. Ал екінші кезеңнің басында «Барыс» таразы басын теңестіріп кетті. Роман Старченко команданың сан жағынан басымдығын шебер орындай білді. Алайда екінші кезеңнің орта тұсында Хенрик Карлсон қарсыластың ыңғайсыз соққан шайбасын ырқына көндіре алмай, қақпаның сызығынан асырып алды. «Металлург» тағы да алға шықты. Араға үш минут салып астаналық клубтың сұрмергені Найджел Доус есепті 2:2-ге жеткізді. Ал Мартен Сен-Пьер «Барыстың» басымдығын ұлғайтты.

Осылайша, астаналық клубтың xоккейшілері бір минуттың ішінде Василий Кошечкинді екі мәрте қапы қалдырып, алға шықты.

Үшінші кезеңде «Барыстың» шабуылшысы Найджел Доус ережені бұзып, өз командасын бір ойыншыға кем құрамда қорғануға мәжбүрледі. «Металлург» осы мүмкіндікті де қалт жібермеді. Данис Зарипов екінші шайбасын соқты. Көп ұзамай, Найджел Доус тағы да ережені бұзып, айып уақытын өтеуге аттанды. Осы кезде Зарипов xет-триктің авторы атанды. Есеп 4:3. Дегенмен, «Барыстың» капитаны Доус өз қателігін түзей білді. Мачтың аяқталуына екі минуттай уақыт қалғанда оның сол қапталдан соққан шайбасы қарсыластың қақпасынан табылды. Есеп - 4:4. Овертаймда сәттілік «Металлург» командасына серік болды. Қорытынды есеп - 5:4.

Айта кетейік, осы ойыннан кейін «Металлург» жалпы есепте екі ұпаймен алда келеді. Бұған дейінгі матчта «Барыс» 4:0 есебімен ұтылған болатын. Жартылай финалға өту үшін қарсыласты төрт рет жеңу керек.

Соңғы жаңалықтар