«Барыс» жаңа маусым қарсаңында тұсаукесерін өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» өз аренасында кезекті маусым қарсаңында команданың ресми тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM»-ға сілтеме жасап.
Іс-шараға жиналған көрермендер клуб президенті Борис Иванищевке, бас жаттықтырушы Андрей Скабелка мен Астанаға оралған Брендон Боченскиге қошемет көрсетті.
Жанкүйерлерге жаңа ойыншылар Кертис Волк, Патрис Кормье, Андре Петерссон және голкипер Доминик Граховин таныстырылды. Содан кейін жанкүйерлер қолтаңба алып, сүйікті ойыншыларымен естелік суретке түсті.
