«Барыс» жанкүйер жинаудан ТОП-100 клубтың қатарына кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» Еуропа клубтарының арасында 2013-14 жылғы маусым ойындары бойынша жанкүйер жинаудан 89-орынға тұрақтады, деп хабарлайды vesti.kz.
None
None

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (ІІНF) мәліметі бойынша, «Барыстың» өз алаңындағы әр ойыны орта есеппен 3733 жанкүйер жинайды екен. Ал өткен жылы бұл клуб еуропалық рейтингте 113-орында тұрған болатын.

Айта кетейік, аталған рейтингтің алғашқы орнында швейцарлық «Берн» клубы тұр. Осымен қатарынан 13 жыл бойы тұғырынан түспей келе жатқан бұл клуб әр ойынына орта есеппен 16 347 жанкүйер жинай алады. Екінші орында немістердің «Айсбэрен» клубы, ол 12 738 жанкүйер жинаған. Ал үшінші орынға Санкт-Петербордың СКА клубы тұрақтады, оларды 12 133 жанкүйер қолдайды. Естеріңізге сала кетейік, «Барыс» өз тарихында тұңғыш рет Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) плей-офф ойындарының екінші кезеңіне жолдама алды, ертең, яғни 21 наурызда уфалық «Салауат Юлаев» клубымен ойнайды. Бұл кездесуді тікелей эфирден KazSport телеарнасы, Астана уақытымен 17:00-де көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар