«Барыспен» өткен матчтағы қақтығыстан кейін «Авангард» шабуылшысының көкбауырын алып тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  «Барыспен» өткен матчтағы қақтығыстан кейін «Авангард» форвардының (Омск кәсіпқой хоккей клубы) көкбауырын алып тастады, бұл сейсенбі күні ҚХЛ матчында омбылықтар Астана клубын қабылдаған кезде болған.

 «Барыспен» өткен матчтағы қақтығыстан кейін «Авангард» шабуылшысының көкбауырын алып тастады

Операция аяқталғаннан кейін форвард Николай Лемтюгов жансақтау бөліміне көшірілді.

«Ішінен соққы алып, соның салдарынан Николайдың талағы жыртылып кеткен», - деп түсіндірді «Авангард» президенті Владимир Шалаев «Р-Спорт»-қа берген сұхбатында. «Көкбауырын алып тастады, Лемтюгов қазір жансақтау бөлімінде, жағдайы бірқалыпты. Ертең таңертең барлығымыз ол үшін қан тапсырамыз».

Николай кездесудің ортасында, екінші айналымның оныншы минутында жарақат алған. Матчты жалғастыра алмай, киім ауыстыратын бөлмеге кеткен. Оған хирургтердің жедел көмегі қажет болды.