«Барыстың» бабы жаман емес: бес команданың ішінен үшінші орынға ие болдық

АСТАНА. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ресейдің Омбы қаласында өткен Олимпиада чемпионы Виктор Блинов атындағы XXVI хоккей турнирінде астаналық «Барыс» командасы үшінші орынға ие болды.

«Барыстың» бабы жаман емес: бес команданың ішінен үшінші орынға ие болдық

Соңғы ойында «Барыстың» жігіттері «Авангардқа» есе жіберіп, 3:5 есебімен ұтылып қалды. Бес команда қатысқан турнирдің қорытындысы бойынша 9 ұпайы бар «Авангард» бірінші орынға ие болса, 7 ұпайға қол жеткізген «Югра» екінші орынға орналасты. Ал одан бір ұпай аз алған «Барыстың» хоккейшілері үшінші сатыдан көрінді.

Ертең, қыркүйектің 2-сі күні Астанадағы «Пекин-палас» қонақ үйінде «Барыс» командасының баспасөз мәслихаты өтеді.