«Барыстың» бас жаттықтырушысы команданың ойын маусымы алдындағы дайындық кестесін таныстырды

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат -  «Барыс» хоккей клубының бас жаттықтырушысы Владимир Крикунов команданың биылғы ойын маусымы алдындағы дайындық кестесін таныстырды.

«Барыстың» бас жаттықтырушысы команданың ойын маусымы алдындағы дайындық кестесін таныстырды

Атап айтқанда, 15 шілдеде бірінші жалпы  командалық жиыны өтеді. 16 шілдеден бастап хоккейшілер медициналық тексеруден өтуді бастайды. Сонымен қатар толыққанды дайындықтар Мичурин елді мекеніндегі спорттық базада  18 шілдеден басталатын көрінеді.

Бұдан бөлек, команда 25 шілде күні Чехияның Бенешев қаласына аттанбақ. Онда ойын маусымы алдындағы жаттығулар 5 тамызға дейін жалғасады. Елордалық хоккейшілер  «Ческе Будеевице» және  «Спарта» атты жергілікті командалармен жолдастық кездесулер өткізетін болады.

Айта кетейік, тамызда команда «ҚР Президентінің Кубогі» (9-14 тамыз) және «В.Блинов мемориалы» (26-30 тамыз) атты екі турнирге қатысады деп күтілуде.