«Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Лев»
АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Лев» (Чехия, Прага) командасын қабылдайды.
Прага хокей клубының Құрлықтық хоккей лигасына қосылғанына көп болған жоқ. Сондықтан осы уақытқа дейін бұл екі команда үш-ақ рет кездесті. Соның барлығында «Барыстың» мерейі үстем болды. Өткен чемпионаттың екі матчында Астана қаласының хоккей клубы 4:2 және 5:1 есебімен жеңіске жетсе, биылғы чемпионат аясында өткен соңғы ойында «Барыстың» хоккейшілері тек овертаймда ғана жеңіске жетті. Ол кезде есеп айырмасы бір-ақ шайбаны (3:2) құраған. Соған қарағанда, «Арыстанның» биылғы қарқыны жаман емес.
Айта кетейік, бүгінгі ойын кешкі сағат 19:00-де Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетпек.