«Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Слован»
АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Слован» (Словакия, Братислава) командасын қабылдайды.
Братислава хоккей клубының Құрлықтық хоккей лигасына қосылғанына көп болған жоқ. Сондықтан осы уақытқа дейін бұл екі команда үш-ақ рет кездесті. Алғашқы екі ойында «Слован» 4:2 есебімен жеңіске жетсе, соңғы матчта «Барыс» өз қарсыласын 6:2 болып ұтқан. Бүгінгі мачта да Астана қаласының хоккей клубы айқын басымдықпен жеңіске жетеді деген болжам бар.
Айта кетейік, бүгінгі ойын кешкі сағат 19:00-де Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетпек.