«Барыстың» бұрынғы бапкерін петерборлық СКА-дан босатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) санкт-петерборлық СКА клубының бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы ТАССклубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
None
None

Команда бапкерінің міндетін атқарушы болып Сергей Зубов тағайындалды.

"СКА хоккей клубы мен Андрей Назаров екі жақты келісіммен әріптестігін тоқтатады, - делінген клубтың мәлімдемесінде. - Андрей Викторовичпен бірге командадан Игорь Калянин кетеді. СКА ХК мамандарға қызметтері үшін алғыс айтып, мансаптарында сәттілік тілейді". Жұма күні СКА өз алаңында «Ақ Барстан» жеңіліп (1:3), маусымдағы 12-ші жеңілісіне тап болды. Гагарин Кубогінің иегері Батыс конференциясының турнирлік кестесінде тоғызыншы орында.

Назаров СКА-ны маусым айынан басқара бастады. Ол отбасылық жағдайға байланысты қызметтен кеткен команданың бас бапкері Вячеслав Быковтың орнын басты.

СКА президенті Геннадий Тимченконың айтуынша, спорттық нәтижелерге байланысты СКА ХК басшысы құраманың бас бапкері Андрей Назаровпен әріптестікті әрі қарай жалғастыра алмайды. Еске сала кетейік, А. Назаров СКА бас бапкері болып ағымдағы жылдың жазында тағайындалған. Осыған дейін ол «Барыс» пен Қазақстан құрамасының бас бапкері болған.

Фото: Юрий Смитюк

Соңғы жаңалықтар