«Барыстың» форварды Н.Доус екі рекордты жаңартты
АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Челябі қаласында өткен кешегі ойыннан кейін «Барыстың» форварды Найджел Доус Құрлықтық хоккей лигасының ең үздік мергені атанды.
Лига сайтының хабарлауынша, Құрлықтық хоккей лигасы құрылғалы бері әлі бірде-бір хоккейші плей-офф барысында бір кездесудің ішінде төрт бірдей шайба сала алмаған. Ондай «покерді» Н.Доус кеше «Трактор» командасымен болған ойында іске асырды. Оған қоса, «Барыстың» мергені ол шайбалардың барлығын 25 минуттың ішінде салды. Осылайша, ол Құрлықтық хоккей лигасының екі бірдей рекордын жаңартты.