16:00, 04 Мамыр 2017 | GMT +5
«Барыстың» қаржылық кепілдігі ҚХЛ регламентіне сәйкес келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі сәтте 29 клубтың 16-сының ғана құжаттары Лига регламентіне сәйкес келеді, олардың арасында ҚХЛ-дағы Қазақстанның жалғыз өкілі - «Барыс» хоккей клубы да бар, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«2016/17 маусымында ҚХЛ чемпионатында өнер көрсеткен барлық клубтар 2017/18 маусымына қатысты қаржылық ақпаратты ұсынды. 16 клубтың келесі маусымға арналған қаржылық кепілдік туралы құжаттары ҚХЛ регламентінің талаптарына сәйкес келеді. Қалған 13 клубтан Лига нақтылауды және анықтауды қажет ететін құжаттар сұратты. Соның негізінде мамыр айының соңында ҚХЛ директорлар кеңесінің қарауына оларды 2017/18 чемпионатына қатыстыру туралы мәселе қаралады», - деп хабарланды ҚХЛ-дың ресми сайтында.
Регламентке сәйкес келмейтін клубтар аталмады. Астаналық «Барыс» 2017/18 тұрақты чемпионатына қатысуға ресми түрде рұқсат алған 16 команданың қатарына енді.