«Барыстың» қатары Стэнли кубогының финалына шыққан спортшымен толықты

АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Астаналық «Барыс» американдық шабуылдаушы Том Прайссинпен бір жылға келісімге отырды,

 «Барыстың»  қатары   Стэнли кубогының   финалына шыққан спортшымен   толықты

деп хабарлады хоккей клубының ресми сайты.

32 жастағы хоккейші Ұлттық хоккей лигасында «Сан-Хосе», «Лос-Анджелес», «Колорадо» және «Оттава» клубтары үшін өнер көрсеткен, соңғы клубтың қатарында 2006/2007 жылғы маусымда Стэнли Кубогының финалына дейін жеткен.

Қазақстандық клубтың қатарына қосылған тағы бір жаңа ойыншы - голкипер Алексей Иванов, ол бұған дейін мәскеулік «Спартактың» құрамында ойнаған.

Оған қоса, «Барыс» өз шабуылдаушысы Илья Соларевті қайта шақырып алды.