«Барыстың» кейінге қалған екі ойыны қашан өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы клубтармен бірігіп, чемпионат матчтары өтетін жаңа уақытты белгіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат «Барыс» хоккей клубының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Барыстың» кейінге қалған екі ойыны қашан өтеді

Лига ҚХЛ Спорт ережесінің 55-бабына сәйкес және клубтармен келісе отырып, тұрақты чемпионат матчтарын өткізудің жаңа мерзімін белгілеу жөнінде шешім қабылдады:

№74 «Барыс» - «Динамо» Рига 2020 жылдың 3 қарашасында өтеді;

№90 «Металлург» - «Барыс» арасындағы ойын 2021 жылдың 3 ақпанында өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Барыс» хоккей клубының бірнеше ойыншысы коронавирус жұқтырып алған болатын.

Осыған байланысты хоккей клубы алдағы кездесулерін кейінге шегеруге мәжбүр болып, 6 матчтың уақытын ауыстырған.