12:02, 08 Желтоқсан 2012 | GMT +5
«Барыстың» оқу-жаттығу жиындары Дубайда өтеді - В.Крикунов
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - 19 желтоқсанға дейін Біріккен Араб Әмірліктерінде астаналық «Барыс» хоккей клубының оқу-жаттығу жиындары өтеді.

Бұл туралы кешегі матчтан кейін «Астана» телеарнасына сұхбат берген команданың бапкері Владимир Крикунов мәлім етті.
Оның айтуынша, осы уақыт аралығында Еурохоккейтуры өтеді. «Барыстың» бір топ хоккейшілері сол жарыстарға қатысады. Ал қалғаны Дубайға барып, оқу-жаттығу жиындарын өткізетін болады», - дейді В.Крикунов.
Оның айтуынша, Біріккен Араб Әмірліктерінде оқу-жаттығу жиындары үшін барлық жағдай жасалған. Оған қоса, хоккейшілер психологиялық жағынан тыныға алады.
Естеріңізе сала кетейік, кеше «Барыстың» жігіттері «Динамо» (Минск) командасының тас-талқанын шығарып, 7:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Келесі кездесу сырт алаңда 19 желтоқсан күні өтеді - «Барыс» Риганың «Динамосымен» күш сынасып көреді.