«Барыстың» шешуші матчын қайдан тамашалауға болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 наурыз, жексенбі күні «Барыс» Гагарин кубогының бірінші раундының Нижний Новгородтың «Торпедосына» қарсы соңғы жетінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, серия төртінші жеңіске дейін жалғасады. Ресейліктер өткен ойында үшінші жеңісіне қол жеткізіп, есепті теңестірген болатын. Бүгін Астанада осы серияның жеңімпазы анықталып, Шығыс конференцияның жартылай финалына шығады. Бұған дейін осы серияда тек алаң иелері жеңіске жетіп келген.
Айта кетейік, «Барыс» - «Торпедо» жұбы Гагарин кубогының бірінші раундындағы жеңімпаз жетінші ойында анықталатын бірден-бір серия болмақ.
Кездесу Астана уақытымен 17:00-де басталады. Оны Qazsport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.