«Барыстың» жаңа бас бапкері кім болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Чемпионат» сайтының хабарлауынша, Евгений Корешков елордалық «Барыстың» жаңа бас бапкері болмақ.
Корешков 2015 жылдан бері «Барыстың» аға бапкері қызметін атқарып келеді. Оған дейін Ресейдің жастар құрамасында және Жастар хоккей лигасының бірнеше командасында тәлім берді.
2016/2017 маусымында қазақстандық команданы Эдуард Занковец жаттықтырды. Ол команданы Гагарин кубогының екінші кезеңіне дейін жеткізіп, онда «Барыс» магнитогорскілік «Металлургтен» жеңіліс тапты. Қазақстан Әлем чемпионатының екінші дивизионында сәтсіз өнер көрсеткеннен кейін, Занковец «Барыстан» және Қазақстан құрамасынан кетті.