Бас әскери прокуратура мерзімді қызмет жауынгерінің соққыға жығылу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі бақылауға алды
АСТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат – Мерзімді қызмет жауынгерінің соққыға жығылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2009 жылғы наурыздың 5-інде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің санитарлық авиациясымен 2086 әскери бөлімшесінің (ШҚО, Мақаншы ауылы) дене жарақатын алған қатардағы жауынгерін ес-түссіз күйінде Алматы қаласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің әскери госпиталіне жеткізілді.Қылмыстық істің барысын Бас әскери прокуратура бақылауға алды.