Бас әскери прокуратурада бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас әскери прокуратурада бірқатар кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Бас әскери прокуратурада бірқатар  кадрлық тағайындаулар болды

«Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың бұйрығымен әділет подполковнигі Раев Алтынбай Ермекбайұлы Орал гарнизонының әскери прокуроры болып тағайындалды. Сондай-ақ әділет майоры Ғазез Айдын Амангелдіұлы Гвардейск гарнизонының әскери прокуроры қызметіне тағайындалды», - деп жазылған хабарламада.