Бас әскери прокуратурада ҚР Басқару және қылмыстық қудалау әскери органдары үйлестіру кеңесінің отырысы болды

АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Астанада Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадиновтің төрағалығымен үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Бас әскери прокуратурада ҚР Басқару және қылмыстық қудалау әскери органдары үйлестіру кеңесінің отырысы болды

Оған Қорғаныс Министрлігі Штаб бастықтары комитетінің, Ішкі әскер комитетінің және ІІМ Тергеу комитетінің, ҰҚК Шекара қызметі, Республикалық гвардия және құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысты.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері 2011 жылдың жарты жылында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда тәртіп бұзушылықтың алдын алу және ескерту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру шараларын талқылады.

Отырыста криминогенді жағдайды оңтайландыру және бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету шараларын пайдалана отырып, қылмыс қарқынын тұрақты түрде сараптан өткізіп отыру туралы шешім қабылданды.