Бас әскери прокурордың орынбасары тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрығымен Біржан Мажренов Бас әскери прокурордың орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Б. Мажренов бұған дейін Астана қаласы Есіл ауданының прокуроры қызметін атқарған болатын. Жаңа қызметке тағайындалуына байланысты ол Есіл ауданының прокуроры қызметінен босатылды. «Сонымен қатар, бұған дейін Бас әскери прокурордың орынбасары қызметін атқарып келген Бақытберген Қасымбаев Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қарамағына алынды», делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар