Бас көлік прокурорының жаңа орынбасары тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Жақып Асановтың бұйрығымен Қасымбаев Бақытберген Иембергенұлы Бас көлік прокурорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бас көлік прокурорының жаңа орынбасары  тағайындалды

Қасымбаев Бақытберген 1961 жылы туған, прокуратура органдарында мол жұмыс тәжірибесі бар. Алматы облысының аудандық прокуратураларында, Алматы қаласы Түрксіб ауданында прокурор болып, бірқатар облыс прокурорларының орынбасары және бірінші орынбасары, Қазақстанның Бас әскери прокурорының орынбасары болып қызмет еткен.

Аға әділет кеңесшісі класстық атағы бар. 

Полиция Астанадағы «қару арсеналы» туралы қауесетті жоққа шығарды
Ұқсас жаңалықтар

Алматы облысында мал ұрлаған екі қылмыстық топ ұсталды