Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан қазақ жауынгерлерін еске алып, шейіт дұғасын оқиды

АСТАНА. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат - Ұлы Жеңіс мейрамы күні қасиетті Меккеде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі Ұлы Отан соғысы кезінде мерт болып,
None
None

шет елдерде жерленген қазақ жауынгерлерін еске алып, шейіт дұғасын оқиды. Ислам дініндегі бұл көне салт-дәстүр Мұхаммед пайғамбарымыздың дәуірінен бастау алады, оны «ғайып намазы» деп атайды.

Сонымен қатар осы сапар барысында Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық министрі Фуад бен Абдель Салам әл-Фарисимен кездесіп, алдағы қараша айында болатын қажылыққа келетін қазақстандық мұсылмандардың Мекке мен Мединеде жүріп-тұруын ұйымдастырып өткізу туралы екіжақты келісімшартқа қол қояды, деп хабарлады Қазақстанның Сауд Арабстаны Корольдігіндегі Елшілігі.

Соңғы жаңалықтар