Бас мүфти Астанадағы медіресе түлектерін қызметке бөлді

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орталық Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі Астана қаласындағы Астана медресесін бітіруші шәкірттерді қызметке бөлді.

Бас мүфти Астанадағы медіресе түлектерін қызметке бөлді

 Бұл жайында ҚМДБ сайтында жарияланған.

 ҚМДБ-на қарасты ислами оқу ордасының «Исламтану» мамандығы бойынша биыл 18 шәкірт білім нәрімен сусындады. Қазіргі заманғы технологиялармен жабдықталған, білім алуға жан-жақты жағдай жасалған медреседен түлеп ұшқалы отырған шәкірттер жер-жердегі мешіттерге қызметке тағайындалды. «Дінбасы болашақ дін қызметкерлеріне батасын беріп, шәкірттерді дінге адал қызмет етуге шақырды. Сондай-ақ, Астана шәкірттеріне Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы Қ.Маханбет, Қажылар қауымдастығының төрағасы Е.Дуанаев та өздерінің ізгі тілектерін білдірді»,-делінген ҚМДБ хабарламасында.