Бас мүфти Қазақ ұлттық университетінде студенттерге дәріс оқиды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жаңа кітапханасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы студенттерге дәріс оқиды.
Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
350 студент қатысатын дәрісте жат ағымдардан сақтану, Отанды сүю, ата-ананы қадірлеу секілді тақырыптар қамтылады. Дәріс барысында Бас мүфти студенттердің сұрақтарына жауап береді.
Ержан қажы Малғажыұлы кітапхана жұмысымен танысып, «Дін мен дәстүр» кітабының 300 данасын кітапхана қорына ресми табыстайды.