Бас мүфти қажыларды ұлық сапарға шығарып салды

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Қажылықтың әр минуты құлшылықпен өтуі тиіс. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қажыларды ұлық сапарға шығарып салу рәсімінде осылай деді.
None
None

«Сіздер Алланың үйіне бара жатырсыздар. Сапардың өзіне тән қиындығы болады. Сабырлы болуға тырысыңыздар. Бір-бірлеріңізге таяныш, сүйеніш, қамқор болыңыздар. Қажылықтың әрбір минутын құлшылықпен, Алланы еске алумен, елімізге, Елбасымызға, жерімізге, Отанымызға дұға-тілек жасаумен өткізу абзал», - деді Бас мүфти.

Muftyat.kz сайтының жазуынша, Ержан қажы Малғажыұлы бата жасап, қажыларға сәт сапар тіледі.

Айта кетейік, биыл елімізден 4400 жерлесіміз қажылыққа аттанады. Оларға 20 қажылық компаниясы қызмет көрсетеді. Ал бірінші наиб мүфти Серікбай қажы Ораз ҚМДБ Қажылық миссиясына төрағалық етеді.

Соңғы жаңалықтар