Бас мүфти мен Алматы қаласының әкімі ағаш отырғызды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Алматы қаласында өткен ағаш отырғызу іс-шарасына қатысты.

Бас мүфти мен Алматы қаласының әкімі ағаш отырғызды (ФОТО)

Ол қала әкімі Ахметжан Есімовпен бірге шырша егіп, мәдениет қайраткерлерімен, студенттермен кездесті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Ахметжан Смағұлұлы бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында бұл игі іс қала бойынша жүзеге асып жатқанын айтты. Қала әкімі түрлі сала өкілдерімен кездесіп, Бас мүфтимен де сұхбаттасты. Ержан қажы Малғажыұлы баршаны біріктірген шараның маңызды екеніне тоқталды. «Діни басқарма жуырда барлық мешіттерде «Имандылыққа ұйытып елімізді, тал егіп, көркейтейік жерімізді» атты акция өткізеді. Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау - адамзатқа ортақ борыш», - деді Бас мүфти.