Бас мүфтидің Рамазан айы қарсаңындағы үндеуін қолдауға бағытталған шығармашылық бәйге жарияланды

АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат -  Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Бас мүфтидің жасаған үндеуін қолдауға байланысты шағырмашылық бәйге жарияланды.

Бас мүфтидің Рамазан айы қарсаңындағы үндеуін қолдауға бағытталған шығармашылық бәйге жарияланды

«Жыл сайын Қасиетті Рамазан айы басталардан бір ай бұрын ҚМДБ -ның төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет билік тұтқасын ұстап отырған азаматтар мен кәсіпкерлерге, ел халқына әлеуметтік жеңілдіктерге байланысты сауапты қадамдар  жасауға шақырып үндеу жариялайды. Бас мүфтидің үндеуі өз кезегінде әлеуметтік салаларда біршама айтарлықтай  жақсылықтарға бастап,  ойлы да саналы азаматтарымыз арқылы мыңдаған мұқтаж жандар мен  аз қамтылған топтарға жәрдем жасалып келгенін білеміз»,-делінген ҚМДБ мәліметтерінде.

Атап айтқанда, биыл да осындай үндеу жасалған болатын.

«Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай жасаған Бас мүфтидің үндеуін іске асыру тұрғысынан және Алла ризашылығы үшін талантты жастар мен жасөспірімдер арасында «Үндеуге қолдау» тақырыбында арнайы шығармашылық бәйге жарияланды, бәйге қорытындысын Рамазан айында қабылдап қасиетті Қадір түні шығаратын боламыз», - дейді ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы, «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы Нариман Исенов.